Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2020 жылы Қазақстан экономикасы 3% төмендейді.
«Әлем экономикасының перспективасы» атты баяндамада Еуропа мен Орталық Азияның экономикасы 4,7% төмендейтіні жазылған.
«Қазақстан экономикасы 2020 жылы 3% төмендейді, алайда 2021 жылы көрсеткіш 2,5% өседі. Айта кетерлігі, аталған мәліметтер Үкіметтің II жартыжылдықта карантин шараларын біртіндеп бәсеңдету туралы ұсыныстарынан алынып отыр. Үкметтің жоспары бойынша, 2021 жылы қңірдің ІЖӨ өсімі 3,6% өсуі тиіс», делінген Дүниежүзілік банктің баяндамасында.
Банктің мәліметінше, қазіргі таңда Еуропа мен Орталық Азия экономикасынан қазігі таңда «капиталдар қашып» жатыр. Оның басты себертерінің бірі, сарапшылардың айтуынша, ұлттық валюталардың әлсіреуі.
«Дағдарысқа жауап ретінде орталық банктер ақша-несие саясатын қолдауды күшейтті. Онымен қоймай, мәселен, Қазақстан билігі ваюталық интервенцияны да қолға алса, Ресей мен Әзірбайжан елдері қордағы ақшаларын жұмсап жатыр», - деп жазады банк.
Сонымен қатар ұйым өңірдегі экономиканың сауда мен қаржылық ағымға ашық екенін айтады. Сол себепті де сыртқы теріс факторларға төтеп беруі қиын.