Қазақстандағы 23 екінші деңгейлі банктің 13-і теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 20%-ға дейін ұсынып отыр. Салыстыру үшін айтсақ, қараша айының қорытындысы бойынша мұндай ұсыныс тек төрт банкте ғана болған еді. Ал мұндай мөлшерлемені алғаш болып 16 қазанда 20%-ға дейін көтерген алғашқы банк Freedom Bank болды.

Төменде қаңтар айының басындағы 20% депозиттер көрсетілген (ақшаны алу және толықтыру мүмкіндігінсіз, 3-6 ай мерзімге):

  • Freedom Bank: мерзімі — 6 ай, ең төменгі сома — 500 мың теңге.
  • Kaspi Bank: мерзімі — 3 ай, ең төменгі сома — 150 мың теңге.
  • Halyk Bank: мерзімі — 3 ай, ең төменгі сома — 50 мың теңге.
  • ЦентрКредит Банкі: 3 ай, ең төменгі сома — 1 теңге.
  • ForteBank: 3 ай, ең төменгі сома 100 мың теңге.
  • Еуразиялық банк: 3 ай, ең төменгі сома — 1 млн теңге.
  • Altyn Bank: 6 ай, 10 мың теңге.
  • Zaman Bank: 36 ай — 20%, 6 айға — 18,7%. Табыс банктің инвестициялық қызметінен түскен пайдаға байланысты бөлінеді. Минималды сома — 50 000 теңге. 
  • KMF Bank: 6 ай, минималды сома — 100 000 теңге. 
  • Nurbank: 6 ай, 5 мың теңге.
  • Home Credit Bank: 6 ай, 1000 теңгемен ашуға болады. 
  • Bereke Bank: 3 ай, кемі 5 миллион теңге қажет.
  • BNK Bank: 3 ай, кемі 15 мың теңге.