«ҚазМұнайГаздың» IPO-сы кезінде қазақстандықтар мұнай компаниясының акцияларын 74,6 млрд теңгеге сатып алуға 128,7 мың өтінім алған. Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осылай деді.
Акциялардың құнына қарай бөлшек инвесторлар 8,8 миллионнан астам акцияға өтінім берді. Жалпы, IPO аясында орналастыруға 256,4 млрд теңгеге 30,5 млн-ға дейін жай акциялар ұсынылды. Осылайша, бөлшек инвесторлардың сұранысы орналастырудың жалпы сомасының шамамен 30% құрады.
Салыстыру үшін айтсақ, «ҚазТрансОйлдың» 2012 жылғы «халықтық IPO» аясында 59,4 млрд теңгеге 34 687 өтінім түскен.
2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның қор биржасындағы листингінің шеңберінде акцияларды сатып алуға берілген өтінімдердің саны 40 мыңнан астам 16,7 млрд теңгені құрады.
ҚМГ IPO да Қазақстандағы бөлшек инвесторлардың өсуіне түрткі болды. Орталық депозитарий өткен айда қосалқы шот санының 48 мыңға өскенін тіркеді.
«Қарашада байқалған қосалқы шоттардың өсуін біз «ҚазМұнайГаз» сияқты қазақстандық мұнай алпауытының IPO-ға шығуымен байланыстырамыз. Бұл қазақстандық бөлшек инвесторлар арасында белгілі бір толқу тудырды», - деді Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Сонымен бірге, омнибус шоттары (Брокер клиенттің барлық активтерінің жиынтық есебін жүргізе алатын Орталық депозитарийде ашылған қаржы құралдарын есепке алу шоты) арқылы есепке алынған жеке шоттардың саны 373 мыңды құрады. бір айда 168 мыңнан астам жеке шотқа өсті.