10 айда мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 12 триллион 427 миллиард теңге кіріс түсіп, жоспар 104,1 пайызға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Республикалық бюджетке трансферттерді есептемегенде 8,4 трлн теңгеге жуық кіріс түсіп, жоспар 102,2 пайызға орындалды. Кірістер жоспары 179 млрд теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар – 89 млрд теңгеге, салықтық емес түсімдер – 90 млрд теңгеге», - деді ол.
Салықтардың артығымен орындалуының негізгі бөлігін ҚҚС құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу көлемінің 26%-ға артуы есебінен болды.
Жергілікті бюджеттің кірістері 108,5 пайызға орындалып, 4 трлн. Жоспар 316 млрд теңгеге, оның ішінде салық 274 млрд теңгеге артығымен орындалды. Кіріс жоспары Маңғыстау облысынан басқа барлық аймақтарда артығымен орындалды.