© 2016 - 2024 Naryk.kz авторлық және жанама құқықтар сақталған.

Жеңіл көліктерді жалға беру бизнесінің болашағы бар

Бизнес | 07 қазан 2021

Жеңіл көліктерді жалға алу кеңінен тарай бастады.

2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында жеңіл көлікті жалға алу көрсеткіші былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 61,4% өсіп, 52,1 млрд теңге болды.

Ал ауыр жүк көліктерін жалға алу көлемі осы уақыт аралығында 26 млрд теңгені құраса, құрылыс көліктері мен құрылғыларды жалға алу көрсеткіші 14,8 млрд теңге болды.

Әуе көліктері мен құрылғыларды жалға алу көрсеткіші 97 мың теңге ғана болды.

Бейнекассеталар мен дискілерді жалға алу көлемі 2,7 млн теңге, ал компьютер және перифериялық жабдықтарды жалға алу көлемі 4,9 млн теңгені құрады.

Ал жалпы 2021 жылдың алғашқы жартысында жалға алу мен лизинг көлемі 254,4 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 15,8% төмен болды.

Өңірлер бойынша көш басындағылар Нұр-Сұлтан (96,2 млрд теңге), Атырау облысы (51 млрд теңге) Алматы (44,8 млрд теңге), Маңғыстау облысы (15,9 млрд теңге), БҚО (11,2 млрд теңге) және Қарағанды облысы (9,8 млрд теңге).

Ең азы Түркістан облысы 250,2 млн теңге. Оның алдында Қызылорда облысы 1,2 млрд теңге.