Әрбір бизнес иесіне ақша табу мәселесін ғана емес, оны дұрыс басқару және үнемдеу мәселесін шешуге тура келеді. Нарықта банкингке арналған түрлі бағдарламалық платформалар ұсынылған. Таңдау жасаған кезде неге назар аударған жөн? Бұл сұраққа Jusan Business онлайн-банкингін мысал ретінде алып, жауап беріп көрейік.

Брендтің өз клиенттерімен жасаған соңғы коммуникацияларының бірі «Өз пакетіңді жинақта» дифференциалды тарифтерін енгізу мәселесіне қатысты болды. Ұсыныс қызметі жиі түрде транзакцияларды, оның ішінде шетел валютасында транзацияларды жасауды талап ететін кәсіпкерлерге бағытталған.

«Өз пакетіңді жинақта» жүйесі бюджетіңізді айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер айына тек 1-2 рет транзакция жасау қажет болса, операция үшін базалық (Standart)  банк мөлшерлемесін төлейсіз, алайда егер айына 5 және одан көп операция жасасаңыз, пакет қосқаныңыз жөн. Пакеттік қосылу операциялар түрін, сомасын және жиілігін таңдауға мүмкіндік береді. Айырмашылықтың сезілетіні анық, пакетті қосу ақылы болғанымен, транзакцияларды алдын ала бір айға «көтерме бағамен сатып алған» кезде ақша салу және алу үшін банк комиссиясының пайыздарынан үнемдей аласыз.

Жаңа тариф «Өз уақытың мен қаражатыңды маңыздырақ нәрселерге сақта» деген ұсыныспен шықты. Ақшаны  үнемдейді, ал уақыт «жеңілдіктерін» бизнесмендерге арналған мобильді қосымша береді.

Кең функционал компанияның бүкіл қаржылық құжат айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жерде «директор-жеткізушілер-контрагенттер-бухгалтерия» желісі бойынша барлық қарым-қатынас пен қажеттіліктер, сондай-ақ кадрлық мәселелер бойынша барлық төлемдер: жалақы, салықтар, сақтандыру мен жәрдемақылар есептелген.

Нарықта ұсынылған интернет банкинг бойынша қосымшалар жиі түрде меншік түріне, қандай да бір операция немесе төлемдердің қажеттілігіне байланысты пакетпен ұсынылған.

Jusan Business барлық опцияларды базалық жиынтықта ұсынады, қандай да бір «мүмкіндігі жоғары функцияларды» клиент пайдаланбауына болады немесе оларды тек қажеттілік туындаған жағдайда қосуы мүмкін.

Қосымша сізге қандай маңызды және міндетті мүмкіндіктер бере алады?

Біріншіден, Jusan Business барлық қажетті төлемдер мен есептеулерді онлайн жүргізуге, құжаттарға бұрыштама және мөр қоюға мүмкіндік береді, барлық қалыптастырылған құжаттар мұрағатына қолжетімділік береді және жіберілген төлем жайлы контрагентке қосымшадан жүктеп шығарусыз жылдам хабар береді.

Екіншіден, төлемдердің қауіпсіздігін және авторизациясын бақылауды автоматты түрде жасауға болады немесе меншік иесі өзі де жүзеге асыра алады. Jusan Business бірнеше қауіпсіздік деңгейлерін қамтамасыз етеді. Бұл интернет-банкингке тіркелген кезде пайдаланушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру, логин және пароль арқылы кірген кезде авторизациялану, сонымен қатар, бір рет берілетін парольдер – sms, email немесе ОТР-карталарды пайдалану арқылы жіберілетін ОТР (one time password)  жүйесі. Әрі интернет-банкингтің мобильді нұсқасы «меншік иесінің жадымен» жабдықталған – жүйе операцияларды тек расталған смартфоннан жасауға мүмкіндік береді және оларды басқа мобильді құрылғыдан жасауға рұқсат етпейді.

Жақында жасалған жаңарту бірінші қол қою құқығына ие пайдаланушыға басқа пайдаланушылардың (екінші қол қою құқығы бар немесе қол қою құқығы жоқ) шотқа қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік береді.

Бақылау жайында тағы айта кетсек– өнімнің «мультименшік иелеріне» арналған тағы бір ерекшелігі: пайдаланушыға өзі уәкілетті тұлғасы болып табылатын бірнеше компаниялардың шоттары қолжетімді болады, ол үшін әрбір компания бойынша жеке тіркелу және «аккаунттар» арасында ауысып отыру қажет емес.

Үшіншіден, тағы да үнемдеу жайында: Jusan Business қосымшасында ешқандай жасырын төлемдер – абоненттік төлем немесе қосылу үшін ұсталатын ақы жоқ, тек нақты жүргізілген банк операциялары үшін ғана комиссия ұсталады. Кәсіпкерлерге арналған сапалы және тегін программингтің нарықтағы айқын үлгісі.