2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы мамырда 168,8 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға азайып, 12 770,7 млрд теңге болды.
2022 жылғы мамырда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 маусымда 6 741,1 млрд теңгеге дейін 292,1 млрд теңгеге азайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 маусымда 10,9 млн шотты құрады.
2022 жылғы мамырда зейнетақы төлемдерінің сомасы 26,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 маусымда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 42,5%-ы және 22,8%-ы) алады. Атап айтқанда:
- Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ қоржынының бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні
- Теңгемен айналыстағы МБҚ (шетел валютасындағы МБҚ есепке алмағанда)
- Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.