2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 468,54 млрд теңгеге немесе 60,3% артық.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық жыл басынан бері 01.12.2023 ж. жағдай бойынша 8,11% құрады.
Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады.
Атап кетейік, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн.