Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ мен инвестициялық портфельді басқарушы Tansar Capital АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың жасалғаны жөнінде хабарлайды.

Tansar Capital АҚ (бұрынғы атауы – CAIFC INVESTMENT GROUP АҚ) 1995 жылы құрылған. ИПБ инвестициялық қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензияға ие және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келеді.

БЖЗҚ мен Tansar Capital АҚ арасындағы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт зейнетақы активтері кастодиан-банктегі БЖЗҚ шоттарына түскен күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге әрекет етеді.

Шарттың толық мәтінімен және Tansar Capital АҚ-ның инвестициялық декларациясымен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.