2021 жылғы қаңтар айынан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы өзінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығына ие болды. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған, бірақ МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "Ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, сақтандыру компанияларымен оларға өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне орай салымшылар басқарушы компанияларға жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған өз жинақтарының 50% дейін және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының 100% дейін аудара алады.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз.
2021 жылдың 15 наурызы мен 31.12.2023ж. аралығында ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 27 757,23 млн теңгеге 20 110 аударым жүзеге асырылды.
Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.
2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезең ішінде ҚРҰБ-тан ИПБ-ға жасалған аударымдар (млн. теңгемен) төмендегі сипатта берілген:
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқағанымыздай, 2021 жылы қазақстандықтар өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру мүмкіндігіне ие болған кезде ҚРҰБ-тан 7 176,48 млн теңге сомаға 4 141 аударымды жүзеге асырды. Содан кейін 2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартысында ИПБ-ға аударымдар жасауға деген қызығушылықтың тағы да төмендегенін көруге болады.
Зейнетақы активтерін басқару мүмкіндігі барлық салымшыларға берілген 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жинақтарын басқарушы компанияларға аудару қарқынының тағы да өсуі байқалады.
2023 жылғы шілде мен желтоқсан айлары аралығында отандастарымыз жаңа талаптарға сәйкес ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 14 119 өтінішке сәйкес 18,8 млрд теңге аударды.