Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Wizz Air Abu Dhabi 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап Түркістан – Абу-Даби бағыты бойынша рейстерді бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері AirBus 321 ұшағында орындалады.Бір жаққа билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Жолаушылар ұшуға үш сағат қалғанда рейсін ақысыз өзгерте алады. Ұшу уақыты шамамен үш сағатты құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Түркістан әуежайы ішкі рейстерге де, халықаралық рейстерге де қызмет көрсетеді. Көбінесе рейстер шетелде Түркияның Стамбул қаласына орындалады.