15 қазанда ВТБ Банкі Еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ KASE алаңында облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.
Бағалы қағаздарды ңтұрпаты - купондық облигациялар. Кірістілік деңгейі жылдық 9%.
Бір облигацияның құны 1000 теңге. Жалпы 5 млн дана облигация шығарылмақшы. Яғни, банк 5 млрд теңгеге облигация сатып, қаражат жинап жатыр.
"Сауда 1 лотпен өткізіледі. Купон жылына 2 рет төленеді деп жоспарланған", делінген хабарламада.