Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ҚР-да әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 16,4% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ең көп жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 51,3% қымбаттаған. Одан кейін Шымкент (бір жылда 45% қымбаттады) және Ақтөбе облысы (37,1% қымбаттады). Бағаның ең аз өсуі Жамбыл облысында байқалды: 2,5%.
Еліміздің 20 өңірінің 4-де өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда баға төмендеген. Атап айтқанда Ұлытау облысында – 22,5%, Алматыда – 13,4%, Қарағандыда – 11%, Қызылордада – 4,1%.
Енді жолаушылар ұшақ 5 сағатқа (10 сағаттың орнына) кешіктірілсе, билеттің толық құнын қайтара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Өтемақыға келетін болсақ, ол әуе кемесінің кешігуінің әрбір сағаты үшін билет құнының 3%-ын құрайды. ҚР ИИДМ рейстердің кешігуінің артуына байланысты салынған айыппұлды төлемеген әуетасымалдаушыларға талапты күшейтуді жоспарлап отыр. Өткен жазда кешіктірілген рейстер саны 63%-ды құраған.
Әуе компаниялары өз кезегінде тасымалдауға тыйым салынатын тұлғалардың тізілімін немесе қара тізім деп аталатындарды құра алады.
Биылғы қаңтар-қазан айларында әуе көлігімен 9 млн адам тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,8% артық. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 6,1 млн адам, бір жылда 11% көбейген. Одан кейін Шымкент (2,4 млн адам) мен Астана (467,1 мың адам).
Жолаушылар айналымы 16,2 млрд жкм құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда 32,3% көп.
Он айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 19,4 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,4% аз. Тасымалдаудың барлық көлемі үш өңірге – Алматыға (11,7 мың тонна), Шымкентке (4,7 мың тонна) және Астанаға (3 мың тонна) келді.
Биылғы қаңтар-қазан айларында жүк айналымы 43,5 млн ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9% аз.