2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн мен олардан майда тартылған ұн қоспалары өндірісі 2,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,5% артық. Бұған дейін осы кезеңде үш жыл қатарынан өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өндіріс көлемінің жартысынан астамы үш облысқа ғана тиесілі болды: Қостанай (784,1 мың тонна) мен Батыс Қазақстан (243,7 мың тонна) облыстары және Шымкент (197,6 мың тонна).
Өндірістің 2,2 млн тоннасы ұсақ тартылған бидай немесе суржик ұнына, 5,8 млн тоннасы ұсақ тартылған бидайдан басқа дәнді дақылдар ұнына, 8,3 мың тоннасы ұсақ және ірі тартылған көкөніс ұнына тиесілі. Тағы 157,2 мың тоннасы нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспаларға тиесілі.
ҚР ұн зауыттары сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) толығымен дерлік қамтамасыз етеді. Биылғы қаңтар-тамызында сұранысты 99% қамтамасыз етті, былтыр көрсеткіш 99,5% болған.
Ұн экспорты 2022 жылғы қаңтар-тамызда 1,1 млн тоннаны құрап, 28,3% өсті. Анықтама үшін: бір жыл бұрын 11,1% төмендеген.
Бұл ретте ішкі нарықтағы сату бірден 22,2% төмендеп, 838,8 мың тоннаны құрады, ал бір жыл бұрын 3,6% өскен.
Қара бидай мен бидай ұнының экспорттық бағасы биыл қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 41,6% өсті.
Салыстыру үшін: бір жыл бұрын ұнның экспорттық бағасының өсімі небәрі 11,9%-ды құраса, 2018 жылы сәйкес кезеңде баға 3,7% төмендеген.
2022 жылы қазанда ішкі нарықта ұн бағасы жыл басынан бері рекордтық 41,3% және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3% қымбаттады.
Анықтама үшін: өткен жылдың қазан айында ұн бағасының өсімі жыл басынан бері 8%-ды, ал 2020 жылдың қазанмен салыстырғанда 10%-ды құрады.
Бір айда, яғни биылғы қазан айында ұн бағасы 1,2% өсті. Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында ұн бағасының орташа айлық өсімі 3,5%-ды құрады. Салыстыру үшін: 2011-2021 жылдар аралығында сектордағы бағаның орташа айлық өсімі небәрі 0,8%-ды құрады.
Биыл ұн бағасының ай сайынғы рекордтық өсуі байқалды: сәуірде – 7,5%, мамырда – 6,8%. Айта кетейік, бағаның бұған дейінгі рекордтық өсуі 10 жылдан астам уақыт бұрын, 2012 жылғы тамызда болған. Ол кезде баға 5,6% өскен.
Жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында килосына 369 теңге, бірінші сұрыпты ұнның килосы 245 теңге болды.
Жоғары сұрыпты бидай ұнының килосы ҚР қалалары арасында ең қымбат Астанада (447 теңге), Ақтауда (411 теңге) және Шымкентие (406 теңге), ең арзаны Ақтөбеде (279 теңге), Павлодарда (292 теңге, Жезқазғанда (296 теңге) және Семейде (296 теңге).
Бірінші сұрыпты бидай ұнының килосы ең қымбат Ақтауда (335 теңге), Алматыда (306 теңге) және Астанада (298 теңге), ең арзан Петропавлда (145 теңге), Қарағандыда (184 теңге) және Павлодарда (186 теңге).