Сыртқы нарыққа бидай ұнын жеткізу өткен аграрлық маусымда (қыркүйек 2023-тамыз 2024) Қазақстанға 526,4 млн доллар әкелді. Қазақстандық ұнды 336 млн долларға сатып алған Ауғанстан ең ірі сатып алушы болды. Одан бөлек мына елдер топ-5 сатып алушыға кіреді:

  • Өзбекстан 143 млн доллар;
  • Тәжікстан 18,4 млн доллар;
  • Түрікменстан 12,6 млн доллар;
  • Ресей 7,9 млн доллар.

Сондай-ақ ұн Қырғызстанға (6,2 млн доллар), Қытайға (2,2 млн доллар), Иракқа (0,1 млн доллар) сатылды.

Салыстыру үшін, 2022/23 маусымында Қазақстан 700,7 млн долларға бидай ұнын экспорттаған. Ол кезде де 472,1 млн долларға ұн сатып алған Ауғанстан басты нарық болды.