Қазақстан Республикасының Үкіметі валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып және квазимемлекеттік сектордағы компанияларға валюта ағындарын басқару кезінде мүмкіндіктерін кеңейту үшін валюта түсімдерінің 30%-ын міндетті сату жөніндегі норманы тоқтатты. Бұл шешім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады. Бұл туралы Ұлттық банк хабардайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл шараны алғаш рет 2020 жылы сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты қолданған еді. 2023 жылдың ақпан айында міндетті сату нормасы 75%-дан 50%-ға дейін, ал 2023 жылғы шілдеден бастап 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілді.