Ұлттық Банктің дер кезінде қабылдаған шаралары
макроэкономикалық тұрақтылық пен теңге активтерін сақтап қалуға ықпал етті. Бұл
туралы Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың БАҚ-қа берген кезекті сұхбатында
айтылады.
Орталық банк басшысының айтуынша, мұның барлығы – сыртқы күйзелістердің
зардабы ел экономикасын күйретіп кетпес үшін жасалған шара. Мәселен, осы жылдың
ақпан-наурыз айларында қабылданған шешімдер ұлттық валютаны қолдап қана қоймай,
қазақстандықтардың жинақ қорын қорғауға да мүмкіндік берді.
2020 жылы мұнай нарығындағы баға кереғарлығымен, одан
кейін іле-шала орын алған жаһандық коронавирус пандемиясымен байланысты сыртқы
тәуекелдердің іс жүзінде бой көрсетуі инфляцияны нысаналы дәліз шегінен шығарып
жіберді.
2021 жылдың орта шенінен бастап, әлемде, сол сияқты
Қазақстанда да жеткізу тізбегінің бұзылуынан тауар-шикізат нарығында сұраныстың
жедел қалпына келуі мен туындаған жаһандық теңгерімсіздіктің салдарынан инфляция
қарқын ала бастады. Биыл инфляция геосаяси ахуалдың шиеленіскен тұста жаңа
айналымға енді.
Ұлттық Банк өзінің бір ғана негізгі мақсатына берік, ол –
қазақстандықтардың әл-ауқатын қорғау, азаматтардың кірісі мен жинақ қорын құнсызданудан
сақтау.
Қазірдің өзінде бұған дейін де қабылданған шешімдердің жағымды аралық
нәтижелеріне куә болып отырмыз. Жыл басынан бері депозиттік база
долларландырудың біршама төмен деңгейін сақтай отырып қайта қалпына келді, ал
кейбір облыстарда отандық резиденттер теңгемен қор жинауға белсенді түрде көше бастады.
Осының өзі халықтың жинақтауға деген қабілетінің артқанын білдіреді.
Базалық мөлшерлемені арттырудағы негізгі мақсаттың бірі –
халықтың тұтынушылықтан – жинақтауға ауысуын ынталандыру үшін теңге
депозиттерінің тартымдылығын арттыру.
Банк жүйесінде депозит бойынша өсім бар. Ғаламдық белгісіздіктің күшейгеніне
қарамастан, депозиттік ұйымдардағы салымдардың көлемі жылдық мәнде 8,1%-ға,
яғни, 27,2 трлн теңгеге дейін өсті. Осы жылдың екінші тоқсанында базалық
мөлшерлеменің артуынан нәтиже сезіле бастаған кезде-ақ жеке тұлғалардың
теңгелік салымдары 6,1%-ға, заңды тұлғалардың салымы 4,4%-ға өсіп, депозит
көлемі 2,7%-ға көбейді.
Ұлттық валютадағы депозиттерге қаражаттың қосылуы және валюталық
депозиттерден салымдардың алынуы – депозиттегі долларланудың төмендеуіне ықпал
етті. Мәселен, 2022 жылдың ақпан айындағы 38,4% жоғарғы шегінен маусымның
соңына қарай 35,3%-ға түсті.
«Долларландырудың бұл деңгейі инфляциялық таргеттеуді енгізген кезден
бастап ең төменгі шек болып есептеледі, егер есіңізде болса, 2016 жылы біз
депозиттегі долларландырылудың 70%-ға дейінгі (69,7% – 2016 жылдың қаңтары)
шегіне жеткен едік», - деп еске алады Ұлттық Банк Төарағасы.