Қазақстанда қайталама нарықта жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің цифрлық платформасы болады. Әзірлеушілер енді қазақстандықтар сату-сатып алу келісімшартын бір күнде жасай алатынын айтады. Жобаны Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырыста Freedom Holding Corp бас директоры Тимур Турлов таныстырды.
«Менің ойымша, жылжымайтын мүлік саудасы мемлекеттік органдарға үлкен салмақ түсіріп отыр. Біздің платформа адамдарға уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз бұл процесті толығымен сынап көрдік – ол толығымен қағазсыз, адамдарға қандай да бір бөлімдерге физикалық барудың келудің қажеті жоқ. Бір күннің ішінде жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату операцияларын толық тіркеу жүргізіледі. Ипотекамен де, ипотекасыз да. Бұл көптеген шет елдер армандайтын таңғажайып көрсеткіш», деді ол.
Осыған ұқсас жоба, цифрлық ипотеканы Freedom Holding Corp бір жылдан астам уақыт бұрын ұсынған болатын. Ипотекалық несие беру процесі екі күнге дейін қысқартылды.
«Біз нарықтық ипотеканы 2021 жылдың ортасында іске қостық, мемлекеттік қолдаудағы ипотеканы 2022 жылдың көктемінде іске қостық. Бұрын екі аптаға созылған процесті ең көбі екі күнге сыйдыра алдық. Ипотека берілген ең қысқа мерзім банк шоты ашылған сәттен бастап жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тізілімде тіркеу аяқталғанға дейін екі сағатты құрады», деді Турлов.