Статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2 млн 109,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 23% немесе 388,4 мың шаршы метрді құрады. Мұндай жоғары көрсеткіш кем дегенде 2015 жылдан бері болған емес.
Бұл ретте пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйлердің саны 6,8% (283 бірлік) азайып, 4,6 мың бірлікті құрады. Мұндай динамика негізінен жеке құрылыс компаниялары есебінен қамтамасыз етілді. Олар барлығы 4,4 мың ғимарат салды, бұл бір жыл бұрынғыдан 162 ғимаратқа аз.
Сырттай қарағанда құрылыс жақсы жүріп жатыр дегенмен, іс жүзінде олай емес. Құны бойынша соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш – 41 млрд теңге болды (2022 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 21,8% немесе 5,3 млрд теңгеге аз).