Жыл басынан бергі 9 ай ішінде Қазақстанда 54 сауда үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды статбюро.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда жалпы ауданы 110,7 мың шаршы метр болатын 54 сауда үйі пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандардың нақты құны 48,1 млрд теңгені құрады.

Сауда үйлерінің көбі Түркістан облысында іске қосылды – 18 нысан, Атырау облысында – 6 нысан пайдалануға берілді. Ал Маңғыстау облысында 1 сауда үйі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 9 айда жалпы ауданы 26,9 мың шаршы метр болатын 46 супермаркет ашылды, олардың жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрады. Супермаркеттердің көпшілігі Қызылорда (16) және Түркістан облыстарында (15) ашылды.

Сондай-ақ аталған кезеңде жалпы ауданы 27,1 мың шаршы метр болатын 158 минимаркет пайдалануға берілді. Ашылған минимаркеттердің жалпы құны 11 млрд теңге. 

Минимаркеттің көпшілігі Түркістан (31), Жамбыл (22) және Ақмола (21) облыстарында ашылды.