Теңге курсы рубльге тікелей байланысты болмайды

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Ресей Федерациясымен тығыз сауда қатынастарына қарамастан, теңге бағамын белгілеу бірқатар факторларға байланысты қалыптасатынын атап өткен жөн. Ұлттық Банк теңгенің Ресей рубліне ұқсас серпінін негізсіз және түбегейлі бекітілмеген деп санайды, өйткені біздің валютамыз үшін сыртқы және ішкі жағдайлар қазіргі Ресей валютасына байланысты болып жатқан жағдайлардан мүлде басқаша. 

Яғни, Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болғанына қарамастан, теңге бағамының серпіні рубль серпініне ілеспейді және оның серпініне тікелей қатысты емес. Біз Ресей Федерациясының валюта нарығындағы құбылмалылықтың біздегі валюта нарығына қарағанда бірнеше есе жоғары екенін көріп отырмыз және ол тікелей теңгеге қатысты рубль құнының төмендеуінен көрінеді.

"Бір рубль үшін 5-6 теңге аралығында бұрыннан қалыптасқан теңге/рубльдің тарихи бағамы жаңа шынайылықты көрсетпейді және елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты теңгенің рубльге қатысты қандай да бір тарихи бағамын ұстануды негізсіз деп санаймын", дейді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.