Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, ҚР-да теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 19,6% қымбаттады. Қала маңы пойыз билеті 16,7%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында 20,6%, купе вагонында 17,8% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең көп қымбаттаған Шымкент қаласы (бір жылда 56,3%), сондай-ақ Жетісу (45%) және Алматы (32,3%) облыстары.
Бағаның ең аз өсуі Ақтөбе (4,9%), Батыс Қазақстан (6,6%), Ұлытау және Павлодар (әрқайсысында 8%) облыстарында байқалды.
Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында теміржол көлігімен 14,7 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,6% артық. Қыркүйекте жолаушы тасымалы 1,6 млн жолаушыны құрап, бір жыл ішінде 32,7% өсті.
Жолаушылар айналымы 12,5 млрд жкм құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда 38,7% өсті.
Көбіне пойыз қызметін елорда тұрғындары пайдаланды: 3,5 мың адам, бір жылда көрсеткіш 23,1% көбейген. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында тіркелді.
Биылғы алғашқы үш тоқсанда теміржол көлігімен 306 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,4% аз. Қыркүйекте жүк тасымалы былтырғыдан 2% азайып, 32,9 млн тоннаны құрады.
Тоғыз айда теміржол көлігінің жүк айналымы 231,4 млрд ткм құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4% артық.
Ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелді: 32,4 млн тонна. Екінші және үшінші орында Астана қаласы мен Ақмола облысы иеленді.