Қандай тауарларға рәсімделеді?
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 сәуірден бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) мына тауар түрлеріне рәсімдеу міндетті екенін еске салады:
– виртуалды қойманы қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері және тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша (тоңазытқыштар, мұздатқыштар - СЭҚ ТН 11 коды);
– виртуалды қойманы қолданбай, ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету (барлық тауарлар) бойынша.
Осылайша, Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде ТІЖ-ді міндетті түрде рәсімдеу тек 3 тауар санаты бойынша көзделген. Қалған тауарлар бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.
Өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген кезде алушы ТІЖ-ды электрондық нысанда ресімдейді.
Қандай мерзімдер белгіленген?
ТІЖ–ді алушы кез келген көлік түрі арқылы – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, көлікті пайдаланбай-10 (он) күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу (тасымалдау) кезінде растайды не қабылдамайды.
Білу маңызды
ТІЖ тауарлардың айналымын бақылау қамтамасыз етілетін тауардың тасымалдануы мен өткізілуін сүйемелдейтін құжат.
ТІЖ растау алдында тауарды алушы ТІЖ-де көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырып тексеруі, содан кейін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін растауы тиіс.
Мәліметтер расталғанға дейін сәйкес келмеген жағдайда, мұндай ТІЖ-ды қабылдамау керек.
Алушы ТІЖ-ді қабылдамаған кезде жеткізуші түзетілген ТІЖ-ді 3 жұмыс күн ішінде осындай түзетілген ТІЖ негізінде түзетілген ЭШФ-ны жазып бере отырып, ресімдеуге мүмкіндігі бар.
ТІЖ негізінде жазылған ЭШФ автоматты түрде толтырылады. Сандық сипаттамалар бойынша деректерді қоспағанда, ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.