2023 жылы қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған шығыстар республикалық бюджетінің барлық шығынының 5,9%-ын құрады (2022 жылы 6,0%). Абсолютті түрде қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған шығыстар сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 18,8% ұлғайып, 1,3 трлн теңгеге жетті (2022 жылы 1,1 трлн теңге).
Былтыр шығынның жартысына жуығы – қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған барлық шығынның 47,9%-і жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке, 31,6%-і – құқық қорғау қызметіне, 6,6%-і – сот қызметіне, 6,2%-і –қылмыстық-атқару жүйесіне, 4,7%-і – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке, 2,7%-і – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтерге, 0,3%-і – құқықтық қызметке тиесілі болды.
2023 жылы жергілікті бюджеттер шығынының құрылымында қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жұмсалған шығыстар 2,6% (2022 жылы 2,7%) құрады. Жұмсалған шығын сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 18,8%-ю ұлғайып, 338,7 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 285,1 млрд теңге).
Былтыр жұмсалған шығынның ең көп үлесі Алматы қаласына – 11,8% (2022 жылы 12,1%), Астана қаласына – 8,6% (2022 жылы 8,9%) және Қарағанды облысына – 7,1% (2022 жылы 7,4%) тиесілі болды.
Ең аз үлес Ұлытау – 1,8% (2022 жылы 0,8%) және Абай – 2,7% (2022 жылы 1,7%) облыстарында тіркелді.