Такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,3% өсті.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,63% өсіп, 35,6 млн адамға жетті. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 1 млрд жкм болды.
Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8% артық.
Сонымен қатар, такси қызметі жыл басынан бері 4,7% қымбаттаған.