2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, 5,9 млрд теңгені құрады.
Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% аз. Жолаушылар айналымы бір жылда 44% төмендеп, 1,4 млрд жкм болды.
Былтырғы қаңтар-қарашада такси секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция бір жыл бұрынғы 495,1 млн теңгемен салыстырғанда 751,9 млн теңгеге жетті. Құндық мәндегі инвестицияның жылдық өсімі 51,8%.
Инвестицияның ең көп көлемі Алматыға түсті: 360,6 млн теңге – бір жыл бұрынғыдан 6,9 есе көп. Өңірдің үлесі ҚР-ның 48%-ы.
2023 жылдың желтоқсаында такси тарифтері өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1% өсті.
Өңірлер бойынша баға ең көп Алматы қаласында өсті: бір жылда 30,3%. Одан кейін Ақтөбе және Абай облыстары: тиісінше 22,1% және 17%.
Такси қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 1,2%. Тағы үш облыста – Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Биыл 15 қаңтардағы жағдай бойынша, Numbeo дерегінше, стандартты тариф бойынша 1 км такси қызметтерінің ең жоғары бағасы Швейцарияда (4,63 АҚШ доллары), Люксембургте (3,29 АҚШ доллары) және Кувейтте (3,25 АҚШ доллары) болды.
Қазақстанда такси қызметінің құны 0,61 АҚШ долларын құрады, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Әзербайжанда стандартты тариф бойынша 1 км үшін такси ақысы 0,59 АҚШ доллары, Ресейде – 0,34 АҚШ доллары, Украинада – 0,32 АҚШ доллары, Беларусьте – 0,31 АҚШ доллары, Армения мен Өзбекстанда – 0,3 АҚШ долларын құрайды.