Ұлттық банктің алдын ала мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, 105 млн долларға көбейіп, 181,737 млрд доллар болды.
Сыртқы қарыздағы мемлекеттік мекемелердің үлесі 2023 жылдың 1 сәуіріндегі 7,9%-дан 9,1%-ға дейін өсті, қазір 16,573 млрд долларға жетті.
Банктердің үлесі 6,5%-дан 10,3%-ға дейін, 10,617 млрд доллардан 18,79 млрд долларға дейін өсті.
Басқа секторлардың қарызы 26,6%-дан 31,3%-ға дейін өсіп, 56,893 млрд долларға жетті.
Компанияаралық қарыздың үлесі 57,6%-дан 47,9%-ға дейін төмендеп, 93,857 млрд доллардан 87,1 млрд доллар дейін түсті.