Шоу-бизнестің ең танымал бағыттарының бірі — спорттық іс-шаралар.

Көрермендерді көптеп тартатын осындай форматтағы іс-шаралар туралы айтатын болсақ, көбі Қазақстанның үздік спорт клубтарының матчтарын еске түсіреді. Бұл командалар жанкүйерлерін керемет жеңістерімен жиі қуантады. Матч кезінде трибуналардың жартылай бос болған кездері де болады. Freedom Ticketon сервисінің бас директоры Виктория Торгунакова спорттық іс-шараларды тек жанкүйерлердің ғана емес, жалпы қазақстандықтардың көпшілігінің дәстүрлі мерекесіне айналдыру үшін не істеуге болатынын айтты.

Қазақстанда жанкүйерлер арасында ерекше танымал спорттық іс-шаралардың бірнеше түрі бар. Ең танымалдары – футбол, хоккей, бокс, теннис, ММА (аралас жекпе-жек). Футбол Қазақстандағы ең танымал спорт түрі екені сөзсіз. Премьер-лига, Қазақстан кубогы аясындағы ойындар, сондай-ақ футболдан Қазақстан құрамасының матчтары трибунада да, телеарналарда да, онлайн-трансляциялар арқылы да көптеген жанкүйерлерді тартады. Қазақ боксының дәстүрі берік, ел тарихында боксшылар Олимпиада ойындарында бірнеше рет жеңіске жеткен, ал бокс жекпе-жектерінде зал лық толады. Хоккей де көрермендер арасында танымал, адамдар әсіресе климаттық жағдайларға байланысты солтүстік аймақтарда осы спорт түрімен көбірек айналысады және сәйкесінше жанкүйерлер арасында да барынша қолдауға ие.

«Елімізде теннис қазақстандық теннисшілердің халықаралық аренадағы табыстары нәтижесінде танымал бола бастады. Ұлттық құрама қатысатын турнирлер, сондай-ақ Дэвис кубогы, WTA және ATP турнирлері сияқты ірі халықаралық жарыстар көптеген жанкүйерлердің, соның ішінде қазақстандықтардың да назарын аударады», — деп атап өтті сарапшы.

«Шавкат Рахмонов, Артем Резников және басқалар сияқты қазақстандық ММА спортшылары халықаралық аренада танымал болып, жекпе-жек жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. ММА жекпе-жектерінде ареналардың лық толы болуы жиі кездеседі», — дейді Виктория.

Жыл сайын елдегі спорттық іс-шараларға қызығушылық артып келеді, мұны компанияның деректері растайды. 2023 жылы Қазақстандағы 250-ден астам спорттық іс-шараға билеттер Freedom Ticketon жүйесі арқылы сатылды.

Республикалық ауқымдағы мұндай іс-шаралардың ең көбі Астанада өтуде. Қалада көптеген көрермендерге арналған бірнеше заманауи спорт алаңдары мен ареналар бар: «Барыс Арена» көпфункционалды кешені, «Астана Арена» стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны кешені және т.б. Бұл нысандар халықаралық стандарттарға сай және жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Елордада спорт саласын белсенді дамытатын негізгі спорт федерациялары мен республикалық деңгейдегі ұйымдар да орналасқан.

«Әрине, іс-шаралардың санына қаланың астаналық мәртебесі әсер етеді – Астанада футбол, хоккей, теннис, бокс, шахмат және т.б. спорт түрлерінен ірі халықаралық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мұндай ауқымдағы іс-шараларға тек осы спорт түрлерінің жанкүйерлері мен әуесқойлары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы қалалардың тұрғындары да қатысуға тырысады», — дейді сарапшы.

Қазақ спорт клубтарының жанкүйерлері арасынан «Ақтөбе» ФК жанкүйерлерін ерекше атап өтуге болады. Олар — Қазақстандағы ең адал және ынталы жанкүйерлерінің бірі.

«13-сектор» деп аталатын бұл клубтың жанкүйерлері барлық матчтарда өздерінің кумирлеріне белсенді және ұйымдасқан түрде қолдау көрсетіп, стадионда ерекше атмосфераны құруымен танымал. Олар клубтың Қазақстандағы ойындарына қатысып қана қоймай, команданың басқа елдердегі оқу-жаттығу жиындарына да баруға тырысады, — дейді ол, — Қала мен клуб арасындағы байланыстың жарқын мысалы – клуб көп жылдар бойы қаланың жай ғана командасы емес, оның әрбір тұрғынының символы мен мақтанышына айналды, ал қазір болжамдарға қарамастан, олардың әрқайсысына билеттер толығымен сатылды», — дейді Виктория. 

Freedom Ticketon хабарлауынша, отандық командалар мен спортшылар қатысатын халықаралық іс-шаралар көрермендер арасында ерекше сұранысқа ие. Уақыт өте келе сәтсіз жағдайда өз командаларының ойынына баруды тоқтататын жанкүйерлердің құбылмалылығы байқалып отыр. Бұл Қазақстанға тән ерекшелік емес, мұндай мінез-құлық көптеген елдерде байқалады және жағымсыз нәрсе деп саналмайды.

«Мәселе сонда, жанкүйерлердің адалдығы тек алаңдағы ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамында ғана емес, ол билет және кіру жүйесінен, қауіпсіздік жүйесі мен маркетингтік қызметтен бастап, бүкіл ұйымдастыру тобының міндеті екендігінде», — деп есептейді маман.

Мысалы, АҚШ-та спорттық іс-шараларға қатысу, ең алдымен, жанұялық демалыс форматы, достарыңызбен есте қалатын мереке, онда сіз өзіңіздің сүйікті командаңызды қолдап қана қоймай, көңіл көтеруге, тамақ ішуге, сонымен қатар спорт клубы ұйымдастыратын түрлі жарыстарға қатыса аласыз.

«Көрермен матчқа келгенде, оны ойыннан бөлек, көптеген ойын-сауық күтіп тұрғанын алдын ала біледі, оның командасы жеңілсе де, спорт мерекесінің атмосферасы, ұмытылмас эмоциялар жақсы көңіл-күй сыйлайды. Қазақстанда толыққанды матч күндері (демеушілер жарыстары, фуд-корт, ұтыс ойыны, фотоаймақтар) бар спорттық жарыстарда мерекелік атмосфера құру соңғы 4 жылда ғана дамып келеді. Бұрын жанкүйерлер тек ойынға баратын, ал спорттық іс-шара спорттық мерекемен және бүкіл отбасы үшін толыққанды бос уақытты таңдаумен емес, тек команданың өнерімен байланысты болды, сондықтан жеңіс оң эмоциялардың жалғыз көзі болды. АҚШ-тағы Суперкубок (Ұлттық футбол лигасы маусымының соңғы матчы) — осының жарқын мысалы. Үзіліс кезіндегі жұлдыздардың өнері ойынның нәтижесін аз да болса ұмыттырып жібереді, көрермендер де осы шағын концерт үшін ойынға келеді, ол әрқашан спорттық іс-шаралардың трибуналарын лық толтырады», — деп түсіндіреді.

Мерекелік атмосфераны құрудың мысалын «Барыс» ХК ойындарынан көруге болады. Іс-шаралар бүкіл отбасының қатысуы үшін өте қолайлы, өйткені ойын-сауық аймақтарының алуан түрлілігі өзінің бірегейлігімен және ұйымдастырылуымен таңғалдырады.

Спикердің айтуынша, маңызды деталь — клуб пен жанкүйерлер арасында байланыс орнату, сол кезде ойын нәтижесіне қарамастан, стадион толып, көрермендер риза болады. 

Спорттық іс-шаралар болжамға қарамастан керісінше нәтиже көрсетуі әбден мүмкін. Көрермен мерекелік атмосфера әсерінен фавориттердің жеңіске жету мүмкіндігіне қарамай жарқын эмоциялар үшін келеді. Бұл — кез келген ойын-сауық форматының, соның ішінде спорттық іс-шараның мақсаты.