Sustainable Fitch  рейтинг агенттігі Solva атауымен жұмыс жасайтын, «ОнлайнҚазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ға жалпы 59 баллмен «3» деңгейдегі ESG-рейтингісін берді.

Осы рейтинг компанияның Қазақстандағы қаржы институттарының арасында тұрақты даму саласындағы қызметінің жоғары бағаланғандығын дәлелдейді. Жалпы, Қазақстанда тек үш компания Sustainable Fitch рейтингісіне ие, олардың екеуі квази-мемлекеттік компания.

ESG рейтингісін белгілеу процесі барысында агенттік Solva-ның тұрақты дамудағы, компанияны корпоративтік басқару әдістерін қолданудағы стратегиясы мен бастамаларын, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық үлесін жан-жақты бағалады.

«Беделді халықаралық рейтинг агенттігі ESG саласында қызметін жоғары бағалаған, Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі болғанымыз үшін өте қуаныштымыз. Бұған Solva-ның 2023 жылы Қазақстан тарихында алғашқы рет 20 млрд теңгеге жасаған ESG-гендерлік облигацияларының корпоративтік шығарылымы да айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұсынудағы компаниямыздың қолданатын әлеуметтік және экологиялық әдістері де Sustainable Fitch оң шешіміне әсер еткенін айта кету керек. Мысалы, тек 2023 жылы 20 мыңнан астам кәсіпкер әйел Solva клиенттерінің қатарына қосылды», — дейді  «ОнлайнҚазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет Төрайымы, тәуелсіз директор Әсем Нұрғалиева.

Sustainable Fitch агенттігі Solva-ның Қазақстандағы ШОБ секторын дамытуға арналған бағытын оң бағалады. 2023 жылы кредиттік портфельдегі ШОБ үлесі 60%-ға жуық болды, бұл бұған дейінгі жылмен салыстырғанда 14%-ға артық. Микрокредиттердің 70%-дан астамы кәсіпкер әйелдерге берілді, сондай-ақ оларға «Әйел ісі» мультифункционалды платформасы аясында қосымша қолдау көрсетілді, атап айтқанда тәжірибе алмасу, менторинг бойынша қарым-қатынас алаңы мен қаржылық сауаттылық бойынша тегін білім беру бағдарламалары ұйымдастырылды. Sustainable Fitch қорытындысына сәйкес, Solva-ның ШОБ-ты қолдауға және дамытуға қатысты қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкер әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге және гендерлік теңдік  (ТДМ 5), лайықты жұмыс және экономикалық даму (ТДМ 8), сонымен қатар индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым (ТДМ 9) сияқты БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетуге қолайлы жағдай жасап жатыр.  

Solva-ның корпоративтік басқару әдістері де рейтингке оң әсер еткен маңызды факторларының бірі. Компания тәуекелді басқару және ішкі аудит процестеріне, сонымен қатар гендерлік теңдіктің сақталуына және қызметкерлер еңбегінің бірдей шарттарда төленуіне  баса назар аударады. Бұған қоса, Sustainable Fitch компанияның жауапты қаржыландыру және клиенттердің құқықтарын қорғау бойынша қолданатын әдістерін жоғары бағалады.

Компанияның экологиялық профилінің скорингі барысында агенттік оның көмірсутек-бейтарап статусын алуын және СО2 жеке шығарындыларын өтегенін оң бағалады. Сонымен қатар ШОБ-қа арналған жасыл қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу да компанияның экологиялық жауапкершілігін бағалауда есепке алынды.