«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva бренді) банкке трансформацияланудың белсенді кезеңіне кіріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

«Банкке трансформациялау үшін тиісті өтпелі кезең қарастырылған, сондай-ақ бизнес-модель мен өнімдер желісі кепілмен берілетін несиелеуге басымдық беру арқылы өзгертіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінен өз бастамасымен рейтинг бағасын кері қайтарып алғанын хабарлады.

«Кредиттік рейтинг банкке трансформациялау аяқталып, тиісті лицензия алынғаннан кейін қайта жаңартылып (қайта беріледі)», – делінген хабарламада.

«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva бренді) банкке айналу ниеті туралы алғаш рет 2022 жылы хабарлаған. 2022 жылғы қазанда компания желтоқсанның ортасында банкке трансформациялануға өтінім беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Қазақстан Ұлттық Банкі деректеріне сүйенсек, компанияның ЖШС-дан АҚ-ға айналуы 2022 жылдың қазан–желтоқсан айларында жүзеге асқан.