Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру акциясы басталғалы 25 мың азаматтың құқығы заңдастырылған. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі үш аптаның ішінде 61 мың қазақстандықтың көліктерін заңдастыру туралы өтінішін мақұлдаған. 25 мыңы өз көлігінің құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін алып үлгерді.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталды. Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді 200 мың теңгеге заңдастыруға болады. Ішкі істер министрлігіндегілердің барлығына көлікті әкелінген елге апару керек немесе бөлшектерге сатуға кеңес берді.