Шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығының көрсеткіштерін қадағалайтын биржалық ноталар АІХ-те листингтелді
Astana International Exchange базалық активі Vanguard Real Estate ETF («VNQ») акциялары болатын жаңа iX US Real Estate Exchange Traded Notes биржалық ноталарының листингі өткенін хабарлайды.
Ноталардың эмитенті - арнайы мақсаттағы iX US Real Estate SPC Limited компаниясы («SPC»), ал оның жалғыз активі - жылжымайтын мүлік нарығына қатысы бар ең өтімді қорлардың бірі VNQ биржалық қорының акциялары.
VNQ биржалық қорының бүкіл әлем бойынша: АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияда жылжымайтын мүлікке иелік ететін 160-тан аса компанияда үлесі бар.
«VNQ ірі, орташа және шағын капиталдандырылған инвестициялық жылжымайтын мүлік қорларын (REITs) қамтиды. Бұл ноталарға инвестиция салу жылжымайтын мүлік секторына инвестициялау мен әртараптандыру және инфляциядан қорғау есебінен кіріс алып, ұзақмерзімді өсуге ұмтылатын инвесторлар үшін тиімді құрал болмақ», дейді АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
Базалық актив сақталатын кастодиан-банк - Jusan Bank, ал аудит жүргізетін фирма - Russel Bedford A+ Partners.