Шетел валютасындағы депозиттер бір жылда 18% қысқарды, ал теңгедегі депозит күрт көбейді.
2023 жылдың желтоқсан айының соңында депозитарлық мекемелерде 8,1 трлн теңгеге баламалы сома орналастырылса, бір жыл бұрын ол шамамен 9,8 трлн теңге болған. 2019 жылдан бері жыл сайынғы төмендеу алғаш рет байқалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері.
Статистикада жеке және банктік емес заңды тұлғалардың қаражаттары да ескерілген, ал шетел валютасындағы депозиттердің төмендеуі екі жағдайда да тиісінше 9% және 25% төмендеген. Шетел валютасының азаюы теңге бағамының өсімінен де болуы мүмкін. Бұл алайда бір себебі ғана. Теңгенің орташа айырбас бағамы өткен жылдың желтоқсан айында негізгі валюталар арасында тек рубльге қатысты айтарлықтай өзгерді; доллардың, еуроның және юаньның ауытқуы соншалықты өзгерген жоқ.
Тағы бір себеп салымшылар депозиттерін шетел валюасынан теңгеге ауыстырып жатқан болуы ықтимал. Өйткені ұлттық валютадағы депозиттің былтырғымен салыстырғанда 26% өскен, соның ішінде жеке тұлғалардың теңгедегі депозитінің үштен бірге, банктік емес заңды тұлғаларда 18% өскен. Нәтижесінде барлық валютадағы депозиттердің жалпы көлемі 34,7 трлн теңгеге (бір жылда 12% өскен) жақындады.