2023 жылғы қаңтар-желтоқсан соңында ҚР-да шаштараз және сұлулық салондарының қызметі 62,3 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 80,2% артық.
Ең көп қызмет көрсету Алматыға тиесілі: 19,5 млрд теңге, жылдық өсім – 2,9 есе. Астана екінші орынды иеленді: 12,6 млрд теңге, бір жылда 60,5% көбейген. Үздік үштікті Қарағанды облысы жапты: 6,4 млрд теңге – 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9% артық.
Сала бойынша ең аз қызмет, ресми деректер бойынша, Түркістан (бар болғаны 389,8 млн теңге), Алматы (528,7 млн теңге) және Ұлытау (555,6 млн теңге) облыстарында көрсетілген.
Бағаға келетін болсақ, 2024 жылдың қаңтарында шаштараз бен сұлулық салондарының бағасы былтырғы қаңтармен салыстырғанда 14,5% қымбаттады.
Бағаның ең көп өсімі Шымкентте байқалды: бір жылда 22,5%. Одан кейін Алматы (22,1%) және Абай (21,9%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.
Бір жылда педикюр 10%, маникюр 16,4%, эпиляция 7,5% қымбаттады. Әйелдердің шаш қиюы 18%, ерлердікі 14,3% қымбаттады.
Биыл қаңтарда республика бойынша орта есеппен әйелдердің шаш қиюы 3,5 мың теңге, ерлердің шаш қиюы 2,4 мың теңгені құрады.
Еліміздің ірі қалаларының ішінде әйелдер шаш қиюы ең қымбат Алматы (4,9 мың теңге), Астана (4,5 мың теңге) және Өскеменде (3,4 мың теңге), ең арзаны Семей (2,1 мың теңге), Талдықорған (2,4 мың теңге) және Түркістанда (2,4 мың теңге).
Ерлердің шаш қиюы ең қымбат Алматы (3,6 мың теңге), Қарағанды (2,9 мың теңге) және Астана (2,8 мың теңге) қалаларында, ең арзаны Орал (1,7 мың теңге), Қызылорда (1,7 мың теңге) және Ақтөбеде (1,8 мың теңге).