Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер 2026 жылғы қаңтарда бизнеске кредиттерді азайту және бөлшек кредиттеу қарқынын бәсеңдету есебінен 0,5% азайып, 40,0 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер 0,6%, 36,2 трлн теңгеге дейін азайды, шетел валютасындағы кредиттер 2025 жылғы желтоқсан деңгейінде сақталып, 3,7 трлн теңгені құрады. Осыған қарамастан, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша теңгемен кредиттердің үлес салмағы іс жүзінде өзгерген жоқ, 90,7%-ды құрады.

2026 жылғы қаңтарда екінші деңгейдегі банктер барлығы 2,6 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,6% артық.

2026 жылғы қаңтарда бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер негізінен айналым қаражатын иеленуге берілген қарыздарды 2,2%, 5,9 трлн теңгеге дейін азайту есебінен 1,7%, 15,2 трлн теңгеге дейін азайды. Олардың құрылымында ШОБ субъектілеріне қарыздар 2,5%, 6,7 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,7%, 5,4 трлн теңгеге дейін азайды. Өз кезегінде ЖК-нің 2026 жылғы қаңтардағы қарыздары іс жүзінде 2025 жылғы желтоқсан деңгейінде сақталып, 3,1 трлн теңгені құрады. ШОБ және ірі бизнес кредиттерінің төмендеуі корпоративтік сектордағы кредиттік белсенділіктің маусымдық баяулауына, қолданыстағы кредиттерді өтеуге, сондай-ақ теңгенің нығаюы аясында валюталық кредиттерді қайта бағалауға байланысты.

Салалар бойынша 2026 жылғы қаңтарда құрылыстан басқа барлық салаларда бизнеске кредиттердің азаюы байқалады, онда 0,9%, 0,8 трлн теңгеге дейін өсу тіркелген. Өнеркәсіпте кредиттер 1,0%, 5,1 трлн теңгеге дейін, саудада – 3,4%, 4,1 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 3,7%, 0,5 трлн теңгеге дейін, ақпарат пен байланыста – 1,2%, 0,2 трлн теңгеге дейін, көлікте – 0,9%, 1,0 трлн теңгеге дейін басқа да салалық қызметтерде – 1,1%, 3,5 трлн теңгеге дейін азайды.

2026 жылғы қаңтарда бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 1,3 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,7% артық.