2021 жылдың қазан айында инфляциялық күтулердің сандық бағасы айтарлықтай өсті және 10,3% (қыркүйекте – 9%) құрады. Респонденттердің ең көп үлесі келесі 12 айда баға тез өседі деп күтеді – 33% (қыркүйекте – 26%), бұл халық арасында жүргізілген сауалнамалар тарихындағы ең жоғары мәнге айналды.
Инфляцияны қабылдау жоғары деңгейде сақталады. Қазан айында халық азық-түлік өнімдеріне, атап айтқанда, ет пен құс етіне, нан-тоқаш өнімдеріне, өсімдік майына, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдеріне бағаның айтарлықтай өскенін атап өтті. ЖЖМ, ТКШ қызметтері, сондай-ақ киім мен аяқ киімнің де қымбаттағаны байқалды.
Қазан айында тұтынушылық көңіл-күй өзгерген жоқ, елдің даму перспективаларын бағалау біршама жақсара түсті. Қазіргі және алдағы қаржылық жағдайды бағалау кезінде нашарлай түскені де байқалды. Осыған байланысты респонденттер азық-түлік сатып алуға келгенде үнемдеуге көшкен. Олардың басым көпшілігі (35%) ірі тауарларды сатып алу үшін қазіргі уақытты қолайсыз көреді, қазан айында бұл үлес аздап өсті.
Респонденттердің, оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға (шілдедегі 30%-дан қазан айында 33%-ға дейін) кредиті бар адамдардың саны артты, есесіне, үнемдеуші халықтың үлесі (қыркүйектегі 19%-дан қазанда 16%-ға дейін) төмендеді.