ҮЙ САТУ КӨБЕЙДІ 2023 жылдың наурызында 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда krisha.kz порталында сатылымға шығарылған үйлер саны 26% көп болды.
Содан бері екі рет көрсеткіш рекорд орнатты. Алған рет 2021 жылдың сәуір айында зейнетақы қорындағы ақшаны ала бастаған кезде (индекс 133) және 2022 жылдың ақпан-мамыр айларында зейнетақы шекті сомасы көбейген кезде (индекс 124-140).
2022 жылдың екінші жартысында индекс 115 деңгейінде болды. Ал желтоқсанда 107-ге дейін тқмендеді. Бұл 2021 жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен бірдей.
2023 жылдың бірінші тоқсанында сауда келісімшарты саны айына 24,2 мың болды. Бұл 2021 жылдың қаңтарынан 12% көп.
САТЫП АЛУШЫЛАР АЗ
Сұраныс керісінше төмендеп барады. 2021 жылдың ақпан айында ең көп (109 пункт) болды. Одан кейін төмендей берді.
Қазір 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда хабарландыруларды көру көрсеткіш 63% ғана. Ал хабардандыру саны керісінше 26% өскені жоғарыда айтылды.
Ең аз 2022 жылдың маусым және желтоқсан айларында болды. Бар болғаны 58 пункт.
ҮЙЛЕР ҰЗАҚ САТЫЛМАЙ ТҰР
2023 жылдың наурызында бір үй сатылу үшін орташа есеппен 117 күн керек. Яғни, орташа есеппен хабардландыруға шығарған үйіңіз төрт айда ғана сатылады.
Ең жылдам сатылған уақыт зейнетақы қорынан ақша ала бастаған кез. Ол уақытта бір үй сатылу үшін 80 күн ғана керек болған.