СарыАрқаАвтопром кәсіпорны конвейерінен былтыр 60 мың автокөлік шықты, деді Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Соңғы 2 жылда зауыт Chevrolet, KIA, LADA және JAC автомобильдерін шығарып жатыр. 

Биыл "СарыарқаАвтоПром" ЖШС "Lada Granta" және "KIA Sportagе" автомобильдерін ұсақ торапты әдіспен өндіруді жолға қоюды жоспарлап отыр.

Жыл сайынғы инвестиция көлемі 40 млн долларға ұлғаймақ, соның арқасында 2025 жылға қарай СарыарқаАвтоПром ЖШС жылына 125 мың автомобиль шығаратын болады.