01.10.2021 жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9 ұйымы – өмірді сақтандырады, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтері 2021 жылғы қыркүйекте 0,8%-ға ұлғайды және 01.10.2021 жылы 1,72 трлн теңге болды. Ұлғаюға, негізінен, сақтандыру сыйлықақыларының және оларды бағалы қағаздарға инвестициялаудың өсуі себепші болды. 2021 жылдың басынан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 15,6%-ға ұлғайды.

Активтер құрылымында ең көп үлеске – бағалы қағаздардың 72,2% – 1,24 трлн теңге тиесілі, олар 2021 жылғы қыркүйекте 2%-ға ұлғайды. Екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған ақша қаражаты және салымдар 2021 жылғы қыркүйекте 1%-ға азайып, 197 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 11,5%-ы болды. Сақтандыру дебиторлық берешегі 2021 жылғы қыркүйекте 11,1%-ға азайып, 59 млрд теңге немесе  жиынтық активтердің 3,4%-ы болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2021 жылғы қыркүйекте 0,5%-ға ұлғайып, 998 млрд теңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен  сақтандыру резервтерінің ұлғаюы есебінен болды, олар ең көп үлеске ие болды - 85% немесе 848 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 21,5%-ға өсті, оның ішінде сақтандыру резервтері 23,5%-ға ұлғайды.

Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 2021 жылғы қыркүйекте 1,2%-ға ұлғайып, 721 млрд теңге болды. 2021 жылдың басынан бастап осы көрсеткіштің өсуі 8,3% болды.

Сақтандыру секторының негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістер есебінен алынған таза пайдасы 2021 жылғы қыркүйекте 13,6 млрд теңгеге ұлғайды және 01.10.2021 жылғы жағдай бойынша 90,7 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы қыркүйекте сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 45,9 млрд теңгеге ұлғайды және 01.10.2021 жылға 522 млрд теңгені құрады, бұл 01.10.2020 жылғы осы көрсеткіштен 40%-ға артық.

Міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы қыркүйекте 11,5 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 23,7 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 10,7 млрд теңгеге ұлғайды.

2021 жылғы қыркүйекте сақтандыру шарттарының саны алдыңғы аймен салыстырғанда 6,1%-ға азайды және 1 069,6 мың шарт құрады. 2021 жылдың басынан бастап 8 647,0 мың сақтандыру шарты жасалды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға артық.

2021 жылғы қыркүйекте жалпы сомасы 9,4 млрд теңгеге 56,3 мың сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды. 2021 жылдың басынан  жалпы сомасы 88,2 млрд теңгеге 523,3 мың сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға аз.