2023 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 0,4%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 18,4%-ға өсу).
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,2% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 4,5% (110,0 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 3,5% (86 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы қазанда сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 0,5%-ға 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 19,1%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы қазанда 0,3%-ға немесе 2,6 млрд теңгеге 909 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 17,2%-ға өсу).
2023 жылғы қазанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 7,6 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 196,3 млрд теңге).
2023 жылғы қазанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 490 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 2,3%-ға аз.
2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 13 908 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (135,8%-ға немесе 1 626 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (15,2%-ға немесе 770 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы қазанда 69,7 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 10 айда барлығы 794,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,7%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 159,5 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (25,7%-ға немесе 13,4 млрд теңгеге өсу) бойынша және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (5,1%-ға немесе 3,9 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 10 айда 277,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға көп. Өсу, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюымен байланысты (74,4%-ға немесе 20,6 млрд теңгеге өсу).
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 358,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 106,3%-ға немесе 40,3 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 16,5%-ға немесе 22,7 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2023 жылғы қазанда сақтандыру төлемдері 24,7 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 214,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43,8%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.
2023 жылғы қазанда барлығы 94 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 902,6 мың төлем жүзеге асырылды.