2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы өмірді сақтандырады.
2022 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдарының активтері 1,1%-ға азайды (2022 жылдың басынан 3%-ға өсу) және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,86 трлн теңге болды.
2022 жылғы мамырда активтердің төмендеуі негізінен шетел валютасын және бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау нәтижесінде болды.
Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің 71,5%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі – 1,34 трлн теңге, олар 0,2%-ға немесе 3 млрд теңгеге ұлғайған.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы мамырда 0,5%- ға немесе 5 млрд теңгеге азайды және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,175 трлн теңгені құрады. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, 12,7 млрд теңге сомаға тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру салдарынан болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы сәуірде 2,1%-ға немесе 15,1 млрд теңгеге төмендеді және 700 млрд теңге болды. Теріс серпін дивидендтер төлеу және шетел валютасын қайта бағалау есебінен қалыптасты.
2022 жылғы мамырда сақтандыру нарығы бойынша 1,6 млрд теңге мөлшерде таза пайда алынды. Бұл ретте 2022 жылдың басынан таза пайда 32,9 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы мамырда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 102 631 болды, бұл ағымдағы жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,6%-ға көп. 2022 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 635 573 болды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға көп.
Бұл өсу, негізінен, ауру жағдайында сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 153 667 шартқа немесе 90,1%-ға жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 75 960 шартқа немесе 15,1%-ға және өмірді сақтандыру шарттарының 73 197 шартқа немесе 8,8%-ға ұлғаюымен байланысты болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 5 айда 325 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,7%-ға немесе 8,5 млрд теңгеге көп.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 57,1 млрд теңге жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,1% -ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 4,5 млрд теңге немесе 31,9%).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 5 айда 112,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 65,8%-ға немесе 22,9 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан 155,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға көп. Өсу, негізінен, Бұл мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 8,7%-ға немесе 7,2 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 42,9%-ға немесе 6,3 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі 67 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,8%-ға артық, 2022 жылғы мамырда – 11 млрд теңге. 2022 жылдың басынан барлығы 342 415 төлем, мамыр айында – 65 244 мың төлем жүзеге асырылды.