«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2022 жылы басқарма мүшелеріне 406,5 млн теңге төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы органының мүшелеріне төленген жалпы сыйақы 2022 жылдың аяғында 406 496 960 болды», делінген қор биржасында шыққан хабарламада.
2021 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мүшелеріне 275,2 млн теңге төленген еді. Осылайша, мемлекеттік холдингтің топ-менеджерлеріне төлем бір жылда 47,7% өсті.
«Самұрық-Қазына» қорының сайтында айтылғандай, қорда басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қосқанда алты басқарма мүшесі бар.
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры басқарма мүшелеріне 266,1 млн теңге төленген болатын.
Қор 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 трлн теңге, 2021 жылы 1,6 трлн теңге таза пайда тапты.