Салық кодексі тағы да өзгереді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда осылай деді.

«Жаңа Салық кодексі бүкіл жүйені кешенді түрде қайта құруға негіз қалады.

Алайда мұндай ауқымды реформа әзірлеу кезеңінде алдын ала болжау қиын мәселелерді сөзсіз анықтайды.

Соның салдарынан бизнес жекелеген нормаларды қолдану кезінде қиындықтарға тап болып отыр.

Салық кодексі – бұл догма да, қасиетті жазба да емес, ол шынайы өмірден алшақ болмауы керек.

Сондықтан қайшылықтарды жойып, нормаларды екіұшты түсіндіруге жол бермеу, теңгерімсіздіктер мен кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені алып тастау қажет.

Салық жүйесі бизнестің даму ынтасын жоймауы, инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ашуға кедергі келтірмеуі керек.

Сондықтан Үкімет бизнес өкілдерінің пікіріне құлақ асып, салық заңнамасына енгізілетін нақты әрі нысаналы өзгерістер пакетін әзірлеуі қажет.

Мұны жан-жақты ойластырып, мұқият пысықтау керек. Кәсіпкерлердің жұмыс істеу ережелерін қайта-қайта өзгерте беруге болмайды. Біздің заңнамамыздың күрделілігі соншалық, оны түсіну қиын, бұл кәсіпкерлер үшін нағыз бас ауруына айналды», — деді.