Қазақстан темір жолы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновнің айтуынша, бүгінде компания Самұрық-Қазына қорымен бірлесіп IPO өткізуге белсенді дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«IPO халықаралық алаңдардағы үштік листинг форматында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Олар — Лондон, Гонконг және мүмкін Қазақстан. Мерзімі — 2026 жылдың соңына дейін», — деді Талғат Алдыбергенов.
Жоспар бойынша компания акцияларының 25%-ы орналастырылады.
Бұған дейін Қазақстан темір жолы басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев компанияның қарызын жабу үшін IPO-ға дайындалып жатқанын мәлімдеген болатын.