Биыл қаңтардың соңында Қазақстанда өсімдіктер мен гүлдердің бағасы бір жыл ішінде 8,2% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Қарағанды облысында байқалды: бір жылда айтарлықтай 41,5%. Одан кейін Алматы облысы (плюс 18,1%) және Астанада (плюс 14,5%) қатты қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында тіркелді: 1,3%. Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға былтырғы қаңтардағы деңгейде сақталды. Тағы екі өңірде баға төмендеді: Павлодар облысында – бір жылда 0,9%, Ұлытау облысында – 6,1% арзандады.
Бүкіл әлемге танымал раушан гүлдері қаңтар айында ҚР ауыл шаруашылығы базарларында бір дана орташа есеппен 946 теңгеден сатылды. Ең қымбат Абай облысында: 1,4 мың теңге. Қостанай (1,3 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (1,2 мың теңге) облыстарында сәл арзанырақ. Шымкентте ең арзан: бар болғаны 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында раушан гүлі 648 теңге, Қызылордада 667 теңге.
2023 жылы Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған. Гүлдер еліміздің 20 өңірінің 13-де өсіріліп, жиналған.
Алматы облысында ең көп гүл жиналды: 7,8 млн дана, жылдық өсім 10,9 есе. Одан кейін Ақмола (5,3 млн дана) және Қарағанды (2,2 млн дана) облыстары.
Салаға қаржы құюға келетін болсақ, гүл өсіру және гүл дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 554,8 млн теңгені құрады, бұл тек екі облысқа – Түркістан (545,4 млн теңге) және Қарағанды (9,5 млн теңге) облыстарына тиесілі.
Әйелдердің 87%-ы көбіне жұмыс орнында, 89%-ы жақындарынан гүл алады. Айтпақшы, әйелдердің 56%-ы 8 наурызда өздері гүл сыйлайды. Ер адамдардың тек 70%-ы гүл сыйлайды.
Ескерту: сауалнамаға сәйкес гүлдер көп қаланатын сыйлықтар арасында тек бесінші орында. Әйелдер 8 наурызға ақша (69%), парфюмерия (63%) және косметиканы (54%) ең керекті сыйлықтар деп санайды. Ең қажет деп санамайтын сыйлықтар алкоголь (50%), ішкиім (44%) және ашық хаттар (38%).