Алматыда Jusan Business ұйымдастырған «Бизнес үшін автокөлік» науқанының жеңімпазы анықталды. Кәсібін жүргізуде аталмыш банктің қызметін пайдаланып, үлкен ұтысқа ие болған бизнес иесіне Hyundai Staria автокөлігі бұйырды. Жеңімпаз Instagram желісінде тікелей эфирде анықталған еді. Бас жүлде ресми түрде «КОЙЛМЕХ» ұйымының басшысы, қостанайлық Сергей Хасановқа табысталды. Ол жетекшілік ететін компания коммуналдық қызметте кеңінен пайдаланылатын экскаваторларға қажетті құрал-жабдықтарды импорттаумен және экспорттаумен айналысады. Күтпеген жерден бағы жанған азамат бизнесін дөңгелетіп келе жатқанына 6 жылдан асқанын айтады.
«Үлкен ұтысқа ие болғанымды үйде отырып естідім. Бірден сену қиын болды, өйткені, өмірімде мұндай бақ бұйырып көрмеген. Қуаныштан жұбайым екеуіміз бірнеше күн бойы езуімізді жия алмадық. Сондай бір керемет сезімдемін. Ересек адам болсам да, өмірде ғажайыптың барына көзім жетті. Осы орайда, ұтып алған көлігім кәсібімді жүргізуде үлкен пайда әкеледі деген ойдамын. Өйткені, біздің жұмыс тауар жеткізу, яғни, тікелей логистикамен байланысты», – дейді науқан жеңімпазы Сергей Хасанов.
Сергей Хасанов су жаңа автокөлікке ие болу үшін Jusan Business-те корпоративтік және жеке шот ашып, төлем жасаған. Сондай-ақ, «Өз пакетіңізді жинаңыз» қызметіне қосылған. Бұл ретте, науқанның талаптары да осы қызметтерді пайдалану аясына негізделген еді.
8 аптаға созылған игі іс-шара барысында iPhone 14 смартфондары да ойнатылды. Яғни, бас жүлдегерден бөлек, 56 жеңімпаз жаңа телефонға ие болды. Айта кетейік, науқан барысында Әсіресе, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан, Ақмола облысы және Оңтүстік Қазақстаннан кәсіпкерлер белсенділік танытқан.
Бұл ретте, Jusan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов мұндай науқандардың басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау екенін атап өтті.
«Біздің міндетіміз - клиенттеріміздің әл-ауқаты мен бизнесін жетілдіруіне қолдау көрсету.Әр қазақстандық өз әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті, сондықтан, оларды демеу қажет. Ұранымыз айтып тұрғандай: біз әрбіріңізге сенеміз. Бұл ретте, өнімдеріміздің қолжетімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан онлайн транзакциялар науқанға қосылды, өйткені Jusan бөлшек сегментіндегі тұтынушыларға ғана емес, бизнеске де ыңғайлы өнімдер жасауға ұмтылады. Экономиканың драйвері – шағын және орта бизнес екені баршамызға белгілі. Талдауымызға сәйкес, акцияға қатысушылардың 56%-ы жеке кәсіпкерлер, 44%-ы – ЖШС иелері. Біздің цифрлық өнімдерді жетілдіруге көмектесіп, әрдайым сенім артқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», – дейді Мирас Шайхысламов.
Банк өкілінің пікірінше, мұндай шаралар шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін бермек. Сол себепті, осы ұқсас науқандарды келешекте де ұйымдастыру жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінде банк тұтынушылардың жұмысын жеңілдететін әрі Jusan Business қосымшасында барлық операцияны орындауға болатын «Онлайн бухгалтерия» өнімін дайындалып жатыр.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.