Қостанай облысының Жангелді, Амангелді, Алтынсарин және Денисов аудандары аумағының басым бөлігін шегірткелер жайлады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«2 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында итальяндық шегірткеге қарсы 257,2 мың гектар немесе жоспарланған аумақтың 66,4 пайызы өңделді. Қажет болған жағдайда азиялық шегірткеге қарсы далалық өңдеу басталады. Химиялық өңдеуге 31 арнайы техника жұмылдырылған, оның ішінде 9 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозоль газ генераторы, 6 аса жеңіл ұшақ және 3 ұшақ бар», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, шегірткелер көбінесе Жангелді, Амангелді, Алтынсарин және Денисов аудандарының аумақтарына тараған. Науырзым өңірінде зиянкестердің зақымдануы анықталған жоқ. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зияны байқалмады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек шегірткенің таралуын бақылау үшін Қостанай облысына аттанды.