Қазақстандық қонақ үйлер келушілерге рекордтық қызмет көрсетті. Әсіреме үндістандық қонақтар ерекше көбейді.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Уақытша тұру қызметтерін көрсету» секторындағы заңды тұлға және жеке кәсіпкерлер 4 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетті, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 мың адамға көп. Бұл көрсеткіш кем дегенде 2014 жылдан бергі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш болды, оған ұйымдардың өздері санының өсуі де ықпал етті.
Аталған 4 млн адам қонақүйлерге 121 млрд теңге әкелді; Бір адамға орта есеппен 30,4 мың теңге түсті, бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 10,6% артық.
Қонақтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының тұрғындары, ал тек 14 пайызы ғана шетелден келушілер. Шетелдіктер ішінде Ресей азаматтары көп, бірақ биыл азайды, нақтырақ айтқанда былтыр 233 мың болса, биыл 186 мың.
Бірақ ең қарқынды көбейгендер — үндістер. Үндістаннан келушілер саны бір жылда 2,5 есе өсіп, 22 мыңнан 54 мың адамға дейін өсті.