Статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бергі 5 айда 102 қонақүй, мейрамхана және осыған ұқсас ғимараттар пайдалануға берілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 67% немесе 41 бірлікке көп.
Соңғы рет қаңтар-мамыр аралығында 100-ден артық осындай ғимарат тек 2019 жылы салынған. Ол кезде көрсеткіш 103 болған еді.
2020-2022 жылдар аралығындағы алғашқы бес айда небәрі 58 ғимарат пайдалануға берілді. Соңғы 10 жылдың шарықтау шегі 2018 жылға келеді – 142 бірлік.
Алайда салынған ғимараттардың ауданы азайған. Нақтырақ айтқанда бірден 22% (16,2 мың шаршы метрге), 59 мың шаршы метрге дейін төмендеді.
Сонымен қатар, осы топтағы нысандардың ішінде қысқамерзімді тұруға арналған коттедждердің құрылысы құлдыраған. Бір жылда 75% азайып, 18,2 мың шаршы метр болды.
Қонақ үйлердің ауданы 73% (4,6 мың шаршы метр) ұлғайып, 10,9 мың шаршы метрге жетсе, Мейрамханалар құрылысы – 83% (10,1 мың шаршы метрге) көбейіп, 22,3 мың шаршы метрге жетті.