Бүгінгі жаһандану дәуірінде цифрлы технологиялар өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Әлемдік озық технологияларды қолдана отырып, жергілікті мамандар түрлі инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Отандық инновациялық бас¬тамалар халықтың өмір сүру жағдайын жақсартып қана қоймай, кейбір «көлеңкелі» істердің алдын алуға септігін тигізіп жүргенін де айта кету керек.
Қазіргі таңда қоғамдық көлік және жолаушылар тасымалдау нарығын цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Жолаушыға да, тасымалдаушыға да ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Осындай жобалардың бірі – қазақстандық IT шешім Avtobys жүйесі.
Өнім үшінші тарап лицензияларын пайдаланбай, үздік әлемдік стандарттарға сәйкес толықтай Innoforce компаниялар тобының мамандарының күшімен әзірленген және жетілдірілген. Жүйені әзірлеу, енгізу, жаңғырту және техникалық қолдау көрсету компанияның жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.
Бұл жүйе барлық тарапқа пайдалы әрі ыңғайлы: тасымалдаушыға да, жолаушыға да арналған шешімді қамтитын, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуге байланысты қаржылық ағындарды бақылауға мүмкіндік беретін кешенді платформа болып табылады.
Жолаушыларға мобильді қосымша немесе көлік картасы арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің ыңғайлы және тиімді әдісін ұсынады.
Avtobys-ты қолдана отырып, жолаушылар қоғамдық көлікте жол ақысын өзіне ыңғайлы әдіспен төлей алады: көлік және банк карталары, сондай-ақ Bluetooth, NFC, QR сияқты инновациялық жолдармен, соның ішінде Apple pay, Samsung pay, смарт сағат арқылы да төлемдерді тез және қауіпсіз жүргізуге болады. Сондай-ақ, трекингті немесе көліктің мемлекеттік нөмірін пайдаланып жол ақысын төлеуге болады.
Қыстың суығы мен жаздың ыстығында жолаушылар аялдамада автобусты ұзақ күтіп қалмай, уақытын үнемді пайдалануы үшін Avtobys мобильді қосымшасын қолдану өте ыңғайлы. Мобильді қосымша көмегімен әр жолаушы өз автобусының бағытын бақылай алады. Осылайша сапарларын алдын ала жоспарлап, автобус келетін уақытқа таяп аялдамаға шыға алады.
Сонымен қатар мобильді қосымшада басқа жолаушылардың электронды әмияндарына ақша аударуға, ұялы байланыстан бастап білім беру, ойын платформалары сияқты көптеген қызметтерге ақы төлеуге болады. Жолаушылар қаражатының қауіпсіздігі үшін компания лицензияланған электрондық ақша жүйесін пайдаланады.
Бүгінгі таңда Avtobys Қазақстанның 13 қаласында енгізілген: Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал, Бейнеу, Хромтау, Жезқазған, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Ұзынағаш.
Астанада жоба ағымдағы жылдың тамыз айында басталды. Бірте-бірте жүйе барлық қалалық автобустарға енгізілетін болады. Қазір Avtobys жүйесіне көлік құралдарының 40%-ы қосылған, ал жыл соңына қарай Астананың барлық автобустарын қосу жоспаланып отыр.
Innoforce мамандарының айтуы бойынша, Avtobys жүйесі Big Data analytics деректерді талдаудың озық технологияларымен жабдықталған. Бұл жолаушылар ағыны туралы нақты және ашық статистиканы алуға мүмкіндік береді. Әкімдік пен тасымалдаушылар төлемнің кез келген параметрлері мен әдістері бойынша онлайн-статистикаға қол жеткізе алады. Маршруттар бойынша трафикті нақты онлайн бағалап, автобустардың кестесі мен маршруттарын қадағалай алады. Осы мәліметтер бойынша қоғамдық көлік ресурстарын нақты уақыт режимінде басқаруға болады.
Сонымен қатар, Big Data талдауы әкімдікке қоғамдық көліктің жұмысы туралы нақты және сенімді деректерге сүйене отырып, тасымалдаушыларға негізделген субсидияларды төлеуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалануға ықпал етеді және ұзақ мерзімді перспективада қоғамдық көлік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, цифрландыру нәтижесінде тасымалдау нарығының ашықтығы байқалады. Деректер бойынша Avtobys жүйесі енгізілген қалаларда төлемдердің "көлеңкелі" айналымының азаюын және қалалық бюджетке салық аударымдарының көлемінің ұлғаюын байқауға болады.